×

Биыл жанар-жағармай қымбаттай ма? - министр жауап берді

2022 жылы ішкі нарыққа 517 мың тонна мұнай өнімі жіберілген

 Дәурен Ерболат 05.09.2022 | 14:38
фото: ОКҚ

Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанар-жағармай бағасына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Біз әріптестерімізбен бірге бұйрыққа қол қойдық. Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өзгермейді. 2023 жылы бағаның қалай болатынын уақыт көрсетеді, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бағаны нарық реттейді.

«Алайда бағаны айтарлықтай өседі деп ешкім жоспарлап отырған жоқ. Себебі ішкі нарықта жанар-жағармай қоры жеткілікті. Тұтынушыларға жетеді. Тіпті, артық қалуы мүмкін», - деді Болат Ақшолақов.

Министр 2020 жылғы тамызда 424 мың тонна мұнай өнімі нарыққа жеткізілгенін, тапшылық болмағанын атап өтті.

Биыл тамызда 517 мың тонна жанар-жағармай нарыққа жіберілді. Тіпті, 100 мың тонна мұнай өнімі артық болды. Ал жанар-жағармай құю бекеттерінде дизель отыны жоқ деген пікір экспортпен байланысты. Себебі, еліміз арқылы транзиттік көлік көп өтеді. Алайда жанар-жағармай бағасы айтарлықтай өседі деген болжам да, жоспар да жоқ. 2023 жылы жағдай қалай болатынын көреміз, - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама