×

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салына ма?

Бүгінде келіссөздер жүргізіліп жатыр

 Дәурен Ерболат 05.09.2022 | 14:01

Энергетика министрі Болат Ақшолақов жаңа МӨЗ-ді салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның пікірінше, бұл мәселе – Қазақстан үшін өзекті.

Қазір біз «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және әріптестерімізбен Шымкент мұнай-өңдеу зауытын кеңейту мәселесін егжей-тегжейлі пысықтап жатырмыз. Себебі аталған зауыттың қуаты 12 мың тонна мұнай өнімдерін өңдеуге жетеді... Жанар-жағармай нарығындағы басты мақсатымыз – ішкі сұранысты қамтамасыз етіп, профициттің болуын қамтамасыз ету, - дед министр ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.

Болат Ақшолақов елімізде 5-10 млн тонна мұнай өндіретін жаңа зауыт салынса, ондағы өнімдерді шетелге шығару қиынға соғатынын жеткізді.

Сондықтан төртінші мұнай өңдеу зауытын салғанша, Шымкент МӨЗ-ін кеңейту керек деген түсінікті қарастыру керек. Алдымен онда қосымша 2-3 тонна мұнай өндіріледі. Қазір зауытта 6 млн тонна мұнай өнімдері өңделсе, біз оның қуатын 9 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде серіктестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл уақыттын еншісінде. Бірақ зауытты кеңейту керек, - деді ведомство басшысы.

Министр қосымша 2-3 млн тонна мұнай өнімдерін ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етеді деген пікірде.

«…Бұл жанар-жағармайдың көлемі бізге кемінде 5 жылға жетеді... Шымкет мұнай өңдеу зауытын кеңейту жұмысы 3-4 жылға созылуы  мүмкін», - деп түйіндеді сөзін Болат Ақшолақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама