×

Сиырға саясаттың керегі не?! – Жигули Дайрабаев

Ауылда жұмыс істейтін адам қалалықтан кем тұрмауы керек, дейді маман

 Ербол Тұрымбет 29.08.2022 | 10:50

Фермерлер қауымдастығының басшысы ауыл шаруашылығына қатысты партия құруға пікірін білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев елімізде «Агропартия», «Жер қорғаны» партияларын құру идеясына қатысты пікірін білдірді. Оның ойынша, ауыл шаруашылығын саясиландырудың керегі жоқ.

Ауыл шаруашылығы дегенде, мәселен, сиырды айтайық. Сиырға саясаттың керегі не?! Сиырдың азығын дұрыстап шеш, қолдан ұрықтандыруды дұрыстап қолға ал, жататын жерін ұйымдастыр. Бітті. Одан кейін саған сүт те, ет те, бұзауын да – бәрін береді, – дейді маман.

Жигули Дайрабаев мәселемен тікелей жұмыс істеуге шақырады. Оның ойынша, ауыл шаруашылығы мен ауылдың инфрақұрылымы егіз ұғым. Ауылда жұмыс істейтін адам қалалықтан кем тұрмауы керек.

Оның жақсы үйі, жолы, медицинасы, мәдениет ошағы, кітапханасы, спорт алаңдары болу керек. Міне, мәселе қайда?! Бізде кей ауылдарда мәдениет үйі де жоқ. Ауылға осындай тұрмыстық жағдай жасаудың амалын ойлау керек. Әсіресе, солтүстік облыстардың ауылдары қатты тозған, – дейді қауымдастық басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама