×

Дизель отынының шекті бағасы бекітілді

АЖҚС-да сатылатын дизель отынының тәуліктік көлеміне бақылау жүргізіледі

 Дәурен Ерболат 22.08.2022 | 12:34
Фото: Zakon.kz

Биыл 22 тамызда Энергетика министрлігінің бағаларға мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Halyq Unі.

Бұйрыққа сәйкес төмендегі бензиннің бағасы бұрынғы деңгейде қалады:

АИ-80 – 89 теңге, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің 1 литрі – 187 теңге – Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында.

Қазақстанның басқа облыстарында аталған бинзиннің бағасы – 182 теңге, ал дизель отынының бағасы 450 теңге болады.

Бұйрықпен Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген, ал Қазақстанда көліктерді тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай литріне 230-260 теңгеге сатылады, - деп жазылған хабарламада.

Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны литріне 450 теңгеден босатылады.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, автожанармай құю станцияларында (АЖҚС) сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін одан әрі қадағалау үшін ақпараттық жүйені анықтауға байланысты мәселелерді пысықтап жатыр.

Жақын арада АЖҚС өкілдерімен бірлесіп жүйелерді тестілеу өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама