×

Қазақстан ЕДБ-ның Ресейге тиесілі үлесін сатып ала ма? - министр жауап берді

Жалпы мұндай риторика бар

 Дәурен Ерболат 16.08.2022 | 12:48
Фото: bigasia.ru

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Еуразия даму банкінің Ресейге тиесілі үлесін сатып алу мәселесін қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жалпы мұндай риторика бар. Оны жоққа шығармаймыз. Себебі, бұл мәселе жұмыс тәртібінде талқыланып жатыр. Нақты шешім әлі жоқ. Өйткені, қандай үлесі ұсынылатынына және басқа елдер оны сатып алуға дайын ба, жоқ па, ұсыныс қаржы жағынан қаншалықты тиімді болады деген мәселе бар. Бұл елдердің ішінде Қазақстан да бар, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Алайда Ерұлан Жамаубаев «банктегі Ресейдің үлесі қашан сатып алуынуы мүмкін» деген сұраққа нақты жауап бере алмады.

Әзірге нақты уақыты белгісіз. Осыған қарамастан Еуразия даму банкі (ЕДБ) тұрақты жұмыс істеп тұр. Санкция банк жұмысына әсерін тигізген жоқ, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Еуразия даму банкінің бақылау пакетін Ресейден сатып алуы мүмкін екені хабарланған еді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама