×

Денсаулық сақтау саласына тартылған инвестиция рекордтық көрсеткішке жетті

Өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ға артық

 Динара Амантай 03.08.2022 | 11:27
Фото: dalanews.kz

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Numbeo денсаулық рейтингі бойынша 96 елдің ішінде 58-ші орынға ие болды. Еліміздің денсаулық сақтау индексі 59,89-ды құрады. Бұл туралы finprom.kz порталының сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Денсаулық индексі денсаулық сақтау жүйесінің, медициналық қызметкерлердің, жабдықтардың, персоналдың, дәрігерлердің, қызмет құнының және т.б. жалпы сапасын бағалау болып табылады. Ол Numbeo веб-сайтына кірушілер сауалнамасынан құрастырылған. Ағымдағы индексті жасау үшін соңғы 36 айдағы деректер пайдаланылады. Жартыжылдық көрсеткіш жылына екі рет түзетіледі. Айта кетерлік жайт, индекс неғұрлым жоғары болса, соғұрлым денсаулық сақтау саласы жақсы дамыған деген сөз.

Биыл бірінші жартыжылдықта Тайвань (ҚХР) 86,04 индексімен көш бастап тұр. Денсаулық индексі бойынша үздік үш елдің қатарына Оңтүстік Корея мен Жапония да кірді: сәйкесінше 83,04 және 80,52. Мальта ең нашар денсаулық индексіне ие: 38,24. Одан кейінгі орындарда Венесуэла (39,15) және Бангладеш (41,74).

ЕАЭО елдері контекстінде жағдай келесідей: Ресей 59,86 индексімен 59-орында, Армения - 55,74 индексімен 72-орында, ал Беларусь төменнен санағанда бесінші орында - 46,14 индексімен 92-орында.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге инвестиция көлемі рекордтық 73,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде 15,2%-ға артық (ХҚҰ – 112,3%). Бұған дейін осы кезеңде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге құйылған инвестиция көлемі 2020 жылы 64,2 млрд теңгені, 2021 жылы 64 млрд теңгені құраған болатын.

2021 жылы денсаулық қауіпсіздігінің жаһандық индексі (GHS) рейтингі бойынша әлемнің 195 елі арасында Қазақстан 55-орынға тұрақтады. Ядролық қауіп-қатер бастамасымен (NTI) және Bloomberg қоғамдық денсаулық мектебіндегі Джонс Хопкинс денсаулық қауіпсіздігі орталығымен Economist Impact-пен бірлесіп әзірленген GHS индексі алғаш рет 2019 жылдың қазан айында құрастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама