×

Қазақстандықтар 19 млрд теңгеден астам көлік салығын төлемеген

Борышкерлердің басым бөлігі Алматы облысында (79,9 мың адам, 3,2 млрд теңге)

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2022 | 14:35
фото: sputnik.kz

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, шілде айының аяғында көлік құралдары салығы бойынша 458 863 қазақстандықтың берешегі 19,3 млрд теңге болды.

Оның ішінде берешек – 15,2 млрд теңге, өсімпұл – 4,1 млрд теңге. Жалпы, қазір көлік салығы бойынша орташа қарыз 42 мың теңге болып отыр.

Борышкерлердің басым бөлігі Алматы облысында (79,9 мың адам, 3,2 млрд теңге), Алматыда (52,1 мың адам, 4,3 млрд теңге) және Түркістан облысында (41,6 мың адам, 91,4 млн теңге) тіркелген.

Ең аз қарыз Батыс Қазақстан облысының тұрғындарында (10 932 адам, 403,8 млн теңге). Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 9 мың (349,7 млн теңге) және 9,8 мың (318,2 млн теңге) борышкер бар.

Бұл ретте Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, ең ірі қарыздар Шымкент (1,3 млрд теңгеден астам), Маңғыстау және Қарағанды (әрқайсысы 1 млрд теңгеден астам) облыстарында жинақталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама