×

Нан бағасы 250 теңгеден қымбат болады – экономист

Қазір 2300 ұн тарту компаниясының 174-і ғана қалған

 Еркеғали Болатұлы 15.07.2022 | 16:25
фото: egemen.kz

Қазақстандық сарапшылар әлеуметтік маңызы бар нан бағасы 250 теңгеге дейін және одан да көп өсуі мүмкін деп хабарлады Atameken Business.

Бұған ұн бағасының жаздың басынан бері 3 пайызға өсуі басты себеп көрінеді. Ал еліміздегі ұн тартушылар мен астық өңдеушілер ресейлік өндірушілердің ағынына алаңдап отыр.

Нан 250 теңгеден қымбат болады. Кеден одағына қатысушы барлық ел арасындағы сауда саясатын ажыратудың шешілмеген мәселелері біздегі осы өнімдердің бағасында үлкен алыпсатарлықтың пайда болуына алып келеді. Сондықтан нан бағасының қымбаттайтынына таң қалмаңыз, – дейді экономист Айман Тұрсынқан.

Ал астық өңдеушілердің айтуынша, нан бағасының өсуіне қазір шетелге дайын өнім емес, шикізат сатып жатқанымыз негізгі себеп екен. Соның салдарынан өзімізде өңдеп шығаратын шикізат қоры азайған. Мысалы, қазір Қазақстанда 2300 ұн тарту компаниясының 174-і ғана қалған. Өз бағасына жұмыс істеп келе жатқан олардың өзінде кіріс тек 2 пайызды құрайтын болып тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама