×

Қазақстан шетелден автокөлік әкелуді шектеуді жоспарлап отырған жоқ - Үкімет

Қандай көліктерге шектеу қойылмайтыны айтылды

 Ербол Тұрымбет 13.07.2022 | 13:40
фото © Нұрдәулет Әбікен

Кеше бірқатар БАҚ-та жақын шетелден Қазақстанға автокөлік әкелуді шектеу туралы жаңалық жарияланды. Онда Үкімет басшысының депутаттық сауалға берген жауабына сүйенген. Осыған байланысты ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде шетелдік көлік құралдарын заңнаманы бұза отырып елге әкелу жағдайы жиілеп кеткен. Атап айтқанда, ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмір тағылған және т.б. автомобильдерді пайдалану фактілері анықталып жатыр.

Мәселен, былтыр басқа елдердің құқық қорғау органдарымен салыстыру қорытындысы бойынша Қазақстанға әкелінген 35 мыңнан астам автомобильдің банк тарапынан және заң жүзінде шектеу болғаны анықталды. Сонымен қатар 600-ден астам көлік елге әкелу кезінде ЕАЭО-ға мүше елдердің құқық қорғау органдарының іздестіруінде болып шықты.

Осыған байланысты Қазақстанға «проблемалық» автокөліктің әкелінуін алдын алу және жалпы әкімшілендіруді жақсарту үшін Көлік құралдарын әкелу ережелері (уақытша ережелерді қоса алғанда) әзірлену үстінде. Онда мұндай автомобильдер бойынша бақылауды күшейту тетіктері, тіпті оларды елге әкелуді шектеуге дейін көзделеді.

Бұл шектеулер Қазақстан аумағына заңнаманы бұзбай әкелінген және пайдаланылатын шет мемлекеттерде тіркелген автомобильдерге қатысты қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама