Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысының кеден бекеттерінде шетелдіктер ұсталды

Оларға қатысты іс қозғалды

 Қымбат Елтайқызы 06.06.2022 | 15:59
Түркістан облысының кеден бекеттерінде шетелдіктер ұсталды
фото: Halyq Uni

«Жібек жолы» мен «Атамекен» кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан азаматтарына қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

«Түркістан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар Қазақстан заңнамасымен қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. 2022 жылғы 6 мауысымда «Жібек жолы» кеден бекеті қызметкерлері бекет арқылы Өзбекстан бағытындағы жолаушылар терминалында NUCHTECH 100100DV рентгентелевизиондық құрылғы арқылы қолжүгін тексеру кезінде Тәжікстан азаматынан кедендік декларация арқылы мәлімделмеген 19 500 доллар қолма-қол ақшаны анықтады. ҚР ӘҚБК-нің 545-бабы бойынша іс қозғалды», – дейді комитет.

Бұған дейін, 2022 жылғы 18 мамырда «Атамекен» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірлесіп, бекет арқылы Өзбекстан бағытында Қазақстан азаматының өзімен бірге 10 мың доллар, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болу фактісіне тосқауыл қойды. Қазақстан ӘҚБтК 545-бабына сәйкес, аталған факт бойынша жинақталған әкімшілік іс Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Осыған ұқсас жағдай биылғы 20 мамырда осы «Атамекен» кеден бекетінде болған. Кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылау кезінде өзімен бірге 13 800 доллар мен 88 000 теңгені Өзбекстанға алып өтпек болған Ресей азаматын анықтаған. Нәтижесінде, Қазақстан ӘҚБтК 545-бабымен әкімшілік іс қозғалып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды, – делінген ақпаратта.

Есірткіні іш киіміне жасырып, алып өтпек болған өзбекстандық құрықталды. Елімізде кедендік тексеру саны 3 есе азайып отыр. Тағы бір жолаушы шетелге қомақты қаржы әкетпек болды. Ақтау әуежайында Түркиядан зергерлік бұйымдарды заңсыз әкелген жолаушы ұсталды. Шие орнына өрік. Түркістан облысында контрабандашылар құрықталды. Пластикалық қалдықтарды елден шығаруға тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама