×

Есірткіні іш киіміне жасырып, алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

Ол иісшіл иттер мен сканердің көмегімен қолға түсті

 Қымбат Елтайқызы 31.05.2022 | 17:50
фото: ашық дереккөзден

Өзбекстан азаматы шекарадан гашиш алып өтпек болған, деп хабарлайды Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаменті.

«30.05.2022 жылы сағат 08:30 шамасында «Жібек Жолы» кеден бекетінде тексеру барысында бекеттің лауазымды тұлғасы және экономикалық тергеу департаментінің кинолог маманы Өзбекстанның 1963 жылы туған Д. есімді азаматын құрықтады. Ол NUCTECH BX1000 сканерімен тексеріліп, іш киімінің ішінен жасыл түсті зат табылды», – дейді департамент.

Заң бұзушы Қазақстаннан Өзбекстанға өтпек болған. Айғақ ретінде шетелдіктен алынған күдікті зат әділет министрлігі сараптама орталығы сот сараптама институтының Сарыағаш бөлімшесіне жіберілді. 31.03.2022 жылғы сараптама нәтижесіне сәйкес, салмағы 56,9158 грамм «гашиш» есірткі заты анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 286-шы бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Тауарды тиімді бағамен алатын мүмкіндікті қолдан шығарып алдық – Әлихан Смайылов

АШМ тарапынан үйлестіру жұмыстары әлсіз болып отыр
03.06.2023 | 16:30

«Баланың жасына қарай таңдау керек»: Елімізде оңалту құралдарының паркі ашылуы мүмкін

Оңалту құралдарын алған азаматтар олар істен шыққан жағдайда аталған паркке келіп жөндете алады
03.06.2023 | 15:37

Шымкентте 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды

Уақытында көрсетілген медициналық көмек баланың өмірін сақтап қалды
03.06.2023 | 15:05