×

Пластикалық қалдықтарды елден шығаруға тыйым салынады

Шектеу ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз ету үшін енгізілді

 Дәурен Ерболат 06.06.2022 | 15:54
Фото: sb.by

Биыл 14 маусымнан бастап Қазақстаннан ПЭТ (полиэтилентерефталат) қалдықтарын шығаруға тыйым салынады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Шектеу 6 айға есептелген.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы №289 бұйрығына сәйкес, Қазақстан аумағынан сыйымдылығы 2 литрден аспайтын және сыйымдылығы одан үлкен бөтелкелерді, пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды әкетуге тыйым салынады. Тыйым салу отандық полимер өнімін өңдеушілерді шикізатпен, яғни ПЭТ қалдықтармен қамтамасыз ету үшін енгізілген.

Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан аумағынан кедергісіз әкетуге жатады, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама