×

Тағы бір жолаушы шетелге қомақты қаржы әкетпек болды

Соңғы кезде бұндай фактілер жиілеген

 Қымбат Елтайқызы 01.06.2022 | 17:45
фото: ашық дереккөзден

«Ақтау-Тбилиси» әуе рейсінің жолаушысы 13 мыңнан астам долларды әкетуге тырысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті.

«28 мамырда Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ҰҚК шекара қызметімен, облыстық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, Қазақстан азаматы – Ақтау-Тбилиси әуе рейсінің жолаушысынан кедендік бақылаудан өту кезінде 13 100 долларды анықтады. Ақша қол жүгінен анықталды», – дейді департамент.

Жолаушы ауызша сауалнама барысында алдымен белгіленген нормадан жоғары қолма-қол ақшаның болғанын жоққа шығарған. Бірақ содан кейін мойындаған. Факт бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетсек, президенттің биылғы 14 наурыздағы жарлығымен Қазақстаннан 10 мың доллардан асатын қолма-қол шетел валютасы және шетел валютасындағы ақша құралдарын, Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50, 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын, ALTYN BARYS алтынынан, КÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған.

Елімізден қомақты қаржы әкетпек болған азамат ұсталды. Шекарадан 500 мың долларды заңсыз әкетпек болған адам құрықталды. Биыл жолаушылар Алматыдан жарты миллион долларды заңсыз әкетпек болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама