×

Шекарадан 500 мың долларды заңсыз әкетпек болған адам ұсталды

Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды

 Халық үні 28.05.2022 | 05:00
Фото: ашық дереккөздерден

2022 жылғы мамырда Жамбыл облысының шекарашылары «Ауқатты» автомобиль өткізу пунктінде жарты миллионнан астам АҚШ долларын заңсыз әкетудің алдын алды.

Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті биылғы 14 наурызда «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» № 830 Жарлыққа қол қойғанын еске саламыз.  Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасынан 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады. Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама