×

Елімізден қомақты қаржы әкетпек болған азамат ұсталды

Ол 30 мың доллармен Грузияға шықпақ болған

 Қымбат Елтайқызы 27.05.2022 | 13:59
коллаж: Halyq Uni

Ақтау – Тбилиси әуе рейсінің жолаушысы Қазақстаннан 30 мың доллар шығаруға тырысты, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер департаменті.

«Ақтау – Тбилиси бағытындағы халықаралық әуе рейсінің жолаушыларын кедендік бақылау кезінде Маңғыстау облысындағы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, 30 мың доллар шығару әрекетін тоқтатты. Аталған факт бойынша әкімшілік материал жасалды», – дейді департамент.

Айта кетсек, президенттің биылғы 14 наурыздағы жарлығымен елімізден 10 мың доллардан асатын қолма-қол шетел валютасы және шетел валютасындағы ақша құралдарын, Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50, 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын, ALTYN BARYS алтынынан, КÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған. 

Қазақстаннан мыңдаған доллар әкетпек болған жолаушы құрықталды. Шетел азаматы елімізден мыңдаған доллар әкетпек болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама