×

Биыл жолаушылар Алматыдан жарты миллион долларды заңсыз әкетпек болған

Соңғы кезде шетелге валюта тасымалдау жиілеп кеткен

 Қымбат Елтайқызы 01.06.2022 | 13:55
фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері Алматыдан декларацияланбаған жарты миллионнан астам долларды әкетпек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

«Биылғы жылдың басынан бері Алматы халықаралық әуежайында жалпы сомасы 550 мың доллар мен 26 910 еуродан астам қаражатты жария етпеу бойынша 2 қылмыстық құқық бұзушылық және 20 әкімшілік факт анықталды», – дейді агенттік.

Атап өтсек, елімізден шығарылатын шетелдік валютадағы қолма-қол ақша 10 000 доллардан аспауы керек. Қазақстан заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен көрсетілген ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленуі мүмкін.

Елімізден қомақты қаржы әкетпек болған азамат ұсталды. Шекарадан 500 мың долларды заңсыз әкетпек болған адам құрықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама