Тағы бір заңсыздық әшкереленді
«Стамбұл-Ақтау» рейсінің жолаушысынан заңсыз тасымалданған зергерлік бұйымдар анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті.
«Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ақтау халықаралық әуежайында «Стамбұл-Ақтау» рейсінің жолаушысы – Қазақстан азаматынан 82 дана декларацияланбаған зергерлік бұйымды анықтады. Жолаушы «жасыл дәліз» арқылы өтіп, кедендік рәсімдеуге жататын тауарлардың бар екенін айтпаған. Бұйымдар кедендік тексеру барысында табылған», – дейді департамент.
Аталған факт бойынша тауартану сараптамасы жүріп жатыр.
Шекарадан 500 мың долларды заңсыз әкетпек болған адам құрықталды. Биыл жолаушылар Алматыдан жарты миллион долларды заңсыз әкетпек болған. Тағы бір жолаушы шетелге қомақты қаржы әкетпек болды.