×

Ақтау әуежайында Түркиядан зергерлік бұйымдарды заңсыз әкелген жолаушы ұсталды

Тағы бір заңсыздық әшкереленді

 Қымбат Елтайқызы 02.06.2022 | 13:25
фото: ашық дереккөзден

«Стамбұл-Ақтау» рейсінің жолаушысынан заңсыз тасымалданған зергерлік бұйымдар анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті.

«Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ақтау халықаралық әуежайында «Стамбұл-Ақтау» рейсінің жолаушысы –  Қазақстан азаматынан 82 дана декларацияланбаған зергерлік бұйымды анықтады. Жолаушы «жасыл дәліз» арқылы өтіп, кедендік рәсімдеуге жататын тауарлардың бар екенін айтпаған. Бұйымдар кедендік тексеру барысында табылған», – дейді департамент.

Аталған факт бойынша тауартану сараптамасы жүріп жатыр.

Шекарадан 500 мың долларды заңсыз әкетпек болған адам құрықталды. Биыл жолаушылар Алматыдан жарты миллион долларды заңсыз әкетпек болған. Тағы бір жолаушы шетелге қомақты қаржы әкетпек болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47