×

Қазақстанда қант өндірісі тоқтамайды – АШМ

Өңірлерге 152 вагон қант жеткізіледі

 Айнұр Шошаева 30.05.2022 | 15:45
коллаж: Halyq Uni

Жергілікті билік орындарына жеткізілетін өнімді жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚТЖ-мен бірлесіп, өңірлерге қант пен қант шикізатын кедергісіз жеткізу мәселесін шешті.

28 мамырдан бастап ҚТЖ облыста стратегиялық тауарды үздіксіз жеткізу үшін өнім тиелген вагондардың өткізілуін ерекше бақылауға алды. Қазір Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен қант тиелген 152 вагон тасымалданады. Бұдан басқа, темір жолмен өңдеуге арналған құрғақ қант шикізаты бар 116 вагон жеткізіліп тасымалданып жатыр.

Отандық зауыттардың қант өндірісі тарифтік жеңілдік шеңберінде үшінші елдерден жеткізілетін құрақ қант шикізаты негізінде жүзеге асырылады.

Облыс әкімдіктеріне жеткізілетін қантты жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды.

«Отандық зауыттарда қант өндірісі тоқтамайды: оны өңірлерге үздіксіз жеткізу жүзеге асырылады, өнім қоры үнемі толықтырылып отырады. Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр», - делінген АШМ хабарламасында.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің қанттың құны әлемдік бағаға тәуелді екенін айтқан. Себебі, құрақ қантының бағасы Лондон биржасында, ал қант бағасы Нью-Йорк биржасында белгіленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама