×

Елімізден Қытайға теміржол арқылы бір айда 1 млн тонна жүк жөнелтілген

Ол жаққа жүк экспорты былтырғы көрсеткіштен 43 пайыз асып кетті

 Еркеғали Болатұлы 27.02.2024 | 14:22
фото: yvision.kz

Биыл бір айдың ішінде Қазақстаннан Қытайға теміржолмен 1 млн тонна жүк жеткізілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

2024 жылы қаңтар айында теміржол желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 2023 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 22 пайыз өсіп, жалпы көлемі 2,4 млн тоннаны қамтыды.

Ал Қытайға жүк экспорты былтырғы көрсеткіштен 43 пайыз асып кетті. Ол жаққа бір айдың ішінде 1 млн тонна жүк жеткізіліп отыр.

Соның ішінде темір рудасының экспорты 19 пайыз, астық 37 пайыз, қара металдар 2 есе, ал түсті металдар 2,2 есе өскен. Сондай-ақ экспортқа контейнерлердегі жүкті тасымалдау 2,2 есе артты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама