×

Зейнетақы жинағы есебінен 25 млрд теңгеге Air Astana акциясы сатып алынды – Ұлттық банк

Бұл қордағы активті әртараптандыруға мүмкіндік береді

 Дәурен Ерболат 15.02.2024 | 17:17
Фото: vlast.kz/ Елена Сергиенко

Ұлттық банк бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) есебінен Air Astana акциясын бастапқы орналастыруға (IPO) қатысып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

14 ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 мың 73,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге Air Astana компаниясының жай акциялары сатып алынды, - деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Air Astana-дан сатып алынған жай акциялардың жалпы саны – 23 млн 168 мың 975 дана. Бұл – шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5%-на тең.

Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды әрі ұзақ мерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама