×

Қазақстанда қосылған құн салығы өспейді - Бектенов

Бұған дейін қосымша құн салығын қазіргі 12%-дан 16%-ға дейін көтеру туралы айтылған болатын

 Дәурен Ерболат 13.02.2024 | 11:00
көрнекі фото: Halyq Uni

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қосылған құн салығының ставкасы (ҚҚС) өспейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы, яғни ҚҚС-ның ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табуымыз керек», - деп атап өтті үкімет басшысы.

Премьер-министр Қаржы министрлігінің қателігін атап, енді қайталанбауын талап етті.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында былтыр Қаржы министрлігі бизнеске 600 млрд теңгеге жуық қосымша құн салығын қайтармағанын атап өтті. Сондай-ақ шұғыл шығындарды қаржыландыру үшін бюджетке 2024 жылғы төлемдермен аванс берілген. Бұл дұрыс жоспарламаудың салдарынан болған. 2023 жылы түсуге тиіс болған кірістер жоспары асыра пайдаланды. Мұндай тәжірибе қайталанбауға тиіс», - деді Олжас Бектенов.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қосымша қүн салығын 12%-дан 16%-ға көтеру панацея емес екенін айтқан еді.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстандағы жаңа салық кодексін әзірлеу барысына көңілі толмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама