×

Заңға бағынбаған 31 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

Олардың ішінде ірі өндіріс орындары да бар

 Дәурен Ерболат 23.01.2024 | 16:25
Фото: agbz.kz

Елімізде заңның талаптарын сақтамаған 31 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, компаниялар экологиялық заңнаманы бұзған. 

Сот тәртібімен 31 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды. Олардың ішінде ірі өндіріс орындары да бар, - деді министр Үкімет отырысында.

Жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған ірі кәсіпорындар төмендегідей:

  • «Қазфосфат» ЖШС-ға қалдықтардың жаңа үйіндісін салу (рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін);
  • «Қазақмыс» ЖШС-ға кен байыту фабрикасының құрылысы (рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін);
  • «Ферум Фтор» ЖШС-ға (қызмет түрі: металл, болат, сұйық шыны өндірісі. Тоқтату себебі: рұқсат беру құжаттарының және шаң-газ тазарту жабдықтарының болмауы);
  • Shymkent Temir ЖШС (Қызмет түрі: қайталама шикізатты (сынықтарды) қайта өңдеу. Тоқтатудың себебі: шаң-газ тазалау жабдықтарының болмауы) және тағы басқа.

Бұған дейін Қазақстанда қоршаған ортаны ластағаны үшін ең ірі айыппұл салынған компаниялар аталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама