×

Ең ірі айыппұл салынған компаниялар аталды

Олардың арасында ірі салық төлеуші кәсіпорындар да бар

 Дәурен Ерболат 23.01.2024 | 16:02
Фото: Halyq Uni

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоршаған ортаны ластағаны үшін ең ірі айыппұл салынған компанияларды атады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Былтыр экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау үшін инспекциялық қызмет 652 тексеріс жүргізген. Тексерулердің ең көп саны Түркістан (107 дерек), Қарағанды (70) және Шығыс Қазақстан облыстарында (64) тіркелді.

Нәтижесінде 1 679 заңбұзушылық анықталды. Оларды жою туралы 628 ұйғарым берілді. Жалпы 322,9 млрд теңгеге 2 138 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 11,3 млрд теңге мөлшерінде 1 834 айыппұл өндірілді. Қалған 311,6 млрд теңге көлеміндегі 304 айыппұл өндіріліп жатыр, - деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, қоршаған ортаны ластағаны үшін ең ірі айыппұл салынған компаниялар төмендегідей:

  • Karabatan Utility Solutions ЖШС – 7,2 млрд теңге;
  • Tengizchevroil (TCO) – 2,8 млрд теңге;

Өңірлердегі экологиялық заңнаманы бұзу фактісіне қатысты жүргізілген талдау мына облыстарда ең үлкен айыппұлдар салынғанын айғақтады:

Шығыс Қазақстан облысы – 2,6 млрд теңге:

  • «Қазмырыш» ЖШС – 49,66 млн теңге;
  • «Жылу энергиясы» МКК – 6,54 млн теңге;
  • «Өскемен су арнасы» кәсіпорны – 4 ,17 млн теңге;
  • «Қытай компаниясы Синьсин» ЖШС филиалы – 3,96 млн теңге.

Қызылорда облысы – 681,8 млн теңге:

  • «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС – 132,10 млн теңге;
  • «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС – 523,01 млн теңге;
  • «Семизбай – U» ЖШС – 1,72 млн теңге.

Абай облысы – 677,5 млн теңге:

  • «ЭКО-Семей» ЖШС – 296,06 млн теңге;
  • «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС – 252,94 млн теңге;
  • «Теплокомунэнерго» МКК – 8,32 млн теңге.

Ақтөбе облысы – 133,8 млн теңге:

  • «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС – 8,62 млн теңге;
  • «Урихтау Оперейтинг» ЖШС – 1,72 млн теңге;
  • «КазЭкоСервис Ақтөбе» ЖШС – 1,98 млн теңге;
  • «Мұнай КМК» АҚ – 5,17 млн теңге;
  • «СНПС» АҚ – 10,69 млн теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама