×

Қазақстан сыртқа шамамен 400 млн долларға IT қызмет көрсеткен

Цифрлық өнімдерге сұраныс артқан

 Дәурен Ерболат 19.01.2024 | 16:50
Фото: elements.envato.com

Былтыр 9 айда Қазақстан шамамен 400 млн долларға IT қызмет экспорттады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол қазір елімізде IT саласын дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым қалыптасқан деген пікірде.

2020 жылы IT қызметтің экспорты 30 млн доллар болды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 343 млн долларға жетті. 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 373 млн долларға IT қызмет экспортталды. Бұл – Ұлттық банктің ресми дерегі. Биыл наурызда Ұлттық банктің ресми есебі жарияланады. Онда көрсеткіш 500 млн долларға жетеді деп сенімді түрде айта аламыз, - деді Ерсұлтан Ерманов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның пікірінше, бұл сандар Қазақстанда IT қызметке сұраныстың өскенін растайды.

Тарихи тұрғыда мұндай өсімге 2018 жылы ашылған Astana Hub технопаркі ықпал етті.  Экспорт өсімі технопарктің уақытында акселерациялық және білім беру бағдарламаларын іске қосуы, IT-компанияларды салық төлеуден босату есебінен болды. Бұл өз жемісін берді. Стартаптар бәсекеге қабілетті болып жатыр. Әзірге қазақстандық Unicorn пайда болған жоқ. Бірақ біз мұны көп күтпейтін шығармыз, - деді директор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама