×

Елімізде жаңа қала пайда болды

Оның аумағында арнайы экономикалық аймақ та құрылды

 Дәурен Ерболат 10.01.2024 | 09:05
Фото: : inbusiness.kz/Максим Морозов

Қазақстанда жаңа Алатау қаласы құрылды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

Шаһардың жалпы ауданы – 88 мың гектар. Қала халқының саны – 52,7 мың адам.

Президенттің тапсырмасын іске асыру аясында Ұлттық экономика министрлігі Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының («Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы») Жоспарын әзірледі.

Жоспарға сәйкес, министрлік Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ халықпен жиын өткізіліп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды.

Жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияны, технологияны, қосымша қаржы ағынын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Үкімет АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту мен G4 City АЭА-ны Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады. Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылады.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлері бойынша ЭҚЖЖ-ның (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) 17 атауы негізінде 110 мың жаңа жұмыс орнын құрып, жалпы сомасы 12,5 трлн теңгеге 170-тен аса жобаны орналастыру жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама