×

Шетелден Қазақстанға ақша аудару көлемі 2 есе азайған

Қаражат негізінен Өзбекстан мен Ресейге аударылған

 Дәурен Ерболат 29.12.2023 | 12:30
Фото: Halyq Uni

Елімізде ақша аударымдар жүйесі арқылы халықаралық қаржы аударымдарының көлемі қысқарды, деп хабарлады Ranking.kz.

2023 жылғы қаңтар–қазанда шетелге 806,9 млрд теңге жіберілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға аз.

Шетелден алынған ақша көлемі 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,2 есе азайып, биыл 10 айда 258,5 млрд теңге болды.

Биыл қаңтар-қазанда Қазақстаннан жіберілген қаражаттың жартысынан көбі Өзбекстан мен Ресейге аударылған. Сондай-ақ қомақты қаражат Түркияға (184,5 млрд теңге) және Грузияға (76,7 млрд теңге) жіберілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама