×

Алматы газға қашан толық қосылады – қала әкімі жауабы

Қалада 8 ауданның бюджеті келесі жылы 196,4 млрд теңгеге дейін ұлғаяды

 Айгерім Таубай 21.12.2023 | 12:55
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы 2024 жылдың соңына дейін газға толық қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинге Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің, нысандардың 90%-дан астамы газға қосылғанын білеміз. Бұл көрсеткіш қашан 100%-ға жетеді?», деп сұрады журналистер.

Ерболат Досаев нысандарды газға қосу Алматыдағы ең маңызды мәселенің бірі екенін айтып өтті. 

Нысандар 99,4%-ға дейін қосылған болатын. Биыл «ГазТрансАймақ» компаниясы 23 шақырымнан астам газ желісін салды. Оны қосуға 355 жеке үй дайын. Көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін тағы 191 үйді газға қосу керек. Желтоқсанның соңына дейін жұмысты аяқтаймыз. Қалада биыл да тексеру жүргізіп жатырмыз, себебі магистральдық желі салған жерде де көп үй әлі қосылмаған. 2024 жылы кімге қандай көмек керек екенін қараймыз, жергілікті бюджеттен субсидия бөлейін деп отырмыз. Газға қосылу құнының 50%-ын жергілікті бюджеттен төлеп, көмек береміз. 2024 жылдың соңына дейін 100% аяқтаймыз, - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, 2024 жылы қаладағы 8 ауданның бюджеті 196,4 млрд теңгеге дейін 20,5%-ке ұлғаяды.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама