×

Алматыда алдағы үш жылда әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлінеді

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және модернизациялауға көңіл бөлінеді

 Халық үні 09.12.2023 | 09:23
фото: Halyq Uni

Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджетінде әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында айтылды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда 2022 жылдың аяғында әлеуметтік саланың бюджеті 506,4 млрд теңгені құраған, 2023 жылы ол 160 млрд теңгеге –биыл қарашада 665 млрд теңгеге дейін өсті. 2024 жылы әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлу жоспарланған. бұл Алматы қаласының бюджет шығыстарының 44,7%–ын құрайды.

Қала басшылығы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және модернизациялауға, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударылатынын айтты.

Бұған дейін Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға төленетін біржолғы төлемді 250 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама