×

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға берілетін өтемақыға үстеме қосылады

Бұл көмекті 702 адам алуға тиіс

 Еркеғали Болатұлы 08.12.2023 | 16:50
фото: Halyq Uni

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға төленетін біржолғы төлемді 250 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды. Бұл туралы қала мәслихатының кезектен тыс сессиясында әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтты.

Бұл ретте қаржыны үнемдеу арқылы және Тәуелсіздік күні қарсаңында «желтоқсаншыларға» төлемді биыл ұйымдастыру мүмкіндігі Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қарастырылып отыр.

Айта кетейік, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар жыл сайын Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге көлемінде өтемақы алып келді. 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алуға тиіс.

Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама