×

638 млрд теңгеге кәсіпкер әйелдердің жобасы субсидияланды

Ауылда бизнес жүргізуге жағдай жасалады

 Дәурен Ерболат 20.11.2023 | 10:40
Фото: Ұлттық экономика министрлігі

2 жылда 638 млрд теңгеге кәсіпкер әйелдердің 17 мыңға жуық жобасы субсидияланды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген 200-ден аса кәсіпкер әйел қатысып жатыр.

2022 жылы және биыл 10 айда 638 млрд теңгеге кәсіпкер әйелдердің 17 мыңға жуық жобасы субсидияланды. 114 млрд теңгеге 13 мыңға жуық жоба кепілдендірілді. Осы кезеңде кәсіпкерлерге 147 мың кеңес берілді, - деді министрдің орынбасары Астанада өтіп жатқан Қазақстан ауыл әйелдерінің VI республикалық форумында.

Бүгінде елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 20 орталық жұмыс істейді. Нәтижесінде 7 мыңнан аса кеңес беріліп, түрлі қызмет көрсетілді.

Өңірлерде «Бір ауыл – бір өнім» жобасы, «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Мақсат – жергілікті жердің әлеуетін дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру.

Жалпы «Таза парақтан» реттеу саясаты және жаңа Салық кодексі бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуға, әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

Осылайша, қолданыстағы ынталандыру шараларын сақтай отырып, бизнесті қолдаудың жаңа бағыттарын ұсынамыз, - деді Бауыржан Омарбеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама