×

Мәжіліс алдағы үш жылдың республикалық бюджетін қабылдады

Жылдық инфляция 6-8% деңгейінде болады

 Дәурен Ерболат 01.11.2023 | 19:10
Фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мәліметі бойынша аталған заң жобасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленген.

2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде базалық сценарий негізге алынды, ол әлемдік экономиканың қалыпты өсу қарқынын, іскерлік белсенділікті арттыруды, сыртқы биржалық тауар нарықтарындағы құбылмалылығы аз жағдайды және экономикалық саясатты жаһандық дамудың жаңа шындықтарына бейімдеуді көздейді, - деп жазылған заңның қорытындысында.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2024 жылы 5,3% деңгейінде, кейіннен 2026 – 2028 жылдары 6%-ға дейін өсуі мүмкін.

  • Алдағы орта мерзімді кезеңге ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны – 5,8%.
  • Болжамдар бойынша номиналды ЖІӨ 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі.
  • Базалық сценарийде мұнайдың бағасы бір барреліне 80 доллар деңгейінде айқындалды.
  • Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2024 жылы 6-8% шегінде, 2025 жылы – 5,5-7,5 %, 2026 – 2028 жылдары 5 %-ға дейін төмендейді.
  • Республикалық бюджет шығыстарының 2024 жылы – 23,9 трлн теңге, 2025 жылы – 23,8 трлн теңге, 2026 жылы 25,1 трлн теңгеден асады деген болжам бар.
  • 2024 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы – 3,5 трлн теңге, 2025 жылы – 3,6 трлн теңгед, 2026 жылы 3,9 трлн теңге болады.

Сондай-ақ депутаттар «Қазақстанның Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын қабылдады. Осылайша, Ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн теңге алынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама