×

Азия даму банкі ағынды суларды тазартуға көмектеспек

Шетелдік сарапшылар моноқалаларды аралайды

 Дәурен Ерболат 28.09.2023 | 17:29
Фото: wrm.kz

Кәріз тазарту қондырғыларын салу және қайта жаңарту бойынша бірлескен жобаларды дайындау аясында Азия даму банкінің сарапшылар миссиясы Қазақстанға келді, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Олардың арасында ағынды суларды тазарту саласында халықаралық тәжірибесі мол сарапшылар Патрик Лорин, Антонио Порчеду, Эдуард Чил-Акапян бар.

Кездесу барысында «Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев жобаларды тиімді іске асыру, сондай-ақ жаңа құрылымдардың параметрлерін оңтайландыру мәселесінің маңызына тоқталды.

Сондай-ақ қос тарап энергия тиімді жаңа технологияларды тарту, қазақстандық үлесті қамтамасыз ету, ағынды суларды қайта пайдалану және балшықты тұнбаларды қайта өңдеу мәселелерін талқылады.

«Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополиялар субъектілерін халықаралық қаржы ұйымдарының ережелері бойынша сатып алу негіздеріне оқытуды ұйымдастыруды ұсынды.

Миссия өкілдері мәселемен егжей-тегжейлі танысу үшін Балқаш, Сәтбаев, Жезқазған және Степногорск қалаларына барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама