×

Үкіметте Ақтөбе облысын дамыту мәселесі қаралды

Өңірде 6 ірі су қоймасы салынуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 20.09.2023 | 09:05
Фото: kaznovosti.kz

Үкіметте өткен кеңесте премьер-министр Әлихан Смайыловтың 10 тамызда Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Орталық мемлекеттік органдардың басшылары Ақтөбенің шеткері аудандарын дамыту, Ақтөбе мен Хромтауда кәріз-тазарту нысандарын салу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау, «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз» тасжолын және өңірлердегі жергілікті жолдарды жөндеу бойыша жобаларды іске асыру барысын баяндады.

Сондай-ақ Ақтөбе мен Қарғалы су қоймаларын күрделі жөндеу жобалары, 6 жаңа ірі су қоймасын салу жоспары, сондай-ақ «Бұхара – Орал» магистральдық газ құбырынан Ақтөбеге дейін үшінші желіні салуды жалғастыру және 30 ауылды газдандыру туралы баяндама ұсынылды.

Сонымен қатар Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасын салу, Ақтөбе облысының «Фельдшерлік рюкзак» жобасы бойынша тәжірибесін басқа өңірлерге тарату, «Alaqan mektep» қауіпсіздік жүйесінің пилоттық жобасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама