×

Тоқаев SINOPEC президентін қабылдады

Қос тарап мұнай-газ химиясы саласында байланысты нығайтуға ниетті

 Дәурен Ерболат 08.09.2023 | 12:51
Фото: Telegram/Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының басшысы Юй Баоцайды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Президентке SINOPEC компаниясының еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Кездесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ мемлекет басшысы энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.

Бұған дейін SINOPEC корпорациясының президентімен Үкімет басшысы кездескен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама