×

Төлем қабілетінен айырылған банктерді құтқарудың тәртібі қалай өзгереді?

Жауапкершілік акционерлерге жүктеледі

 Дәурен Ерболат 01.09.2023 | 14:14
фото: Halyq Uni

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова төлем қабілетін жоғалтқан банктердің қызметін реттейтін заң жобасы Парламентте қашан қаралатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, агенттік соңғы бір жылда заңнамалық бастамалардың төлем қабілетін жоғалтқан бантердің жұмысын реттеу бағытында бастамалар пакетін әзірлеп жатыр.

Егер банк төлем қабілеті жоқ деп танылса, оның жұмысын реттеудің нақты тетіктері болу керек. Бұл сол банкке ақша салған салымшылардың мүддесін қорғау үшін қажет. Қазір осы процедурадағы мемлекеттің, банк акицонерінің рөлі барынша нақты жазылып жатыр. Бұған дейін банктерді құтқару үшін бюджет қаржысы пайдаланылып келгенін білесіздер. Акционерлердің жауапкершілігі толық бекітілмеген еді. Біздің міндетіміз – банк арқалайтын шығынның бәрін бірінші кезекте акицонердің есебінен өтету. (Парламентте қаралатын, – автор) заңда осы процедура айқын жазылады, - деді төраға Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.

Мәдина Әбілқасымова болашағы бұлыңғыр банктерді мемлекет есебінен құтқару тетігі мүлде алынып тасталмайтынын да жеткізді.

«Мемлекеттен көмек көрсету керек деген шешім қабылданса, нақты қандай жағдайларда қолдау көрсетілетіні нақты жазылу керек. Мысалы, ол жүйеқұраушы банк болса, акционер шығынды барынша өз есебінен жауып, қалған шығынды жабуға мемлекет қатысуы мүмкін деген сияқты. Бұл салымшылар мен мемлекеттің мүддесін барынша қорғау үшін керек. Біз тиісті заң жобасын жыл аяғына дейін Парламентке енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама