×

Қазақстанда баспана тағы қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы баспана бағасының қаншаға өскенін хабарлады

 Халық үні 07.05.2022 | 14:00
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылғы сәуірде тұрғын үй бағасы қалай өзгергенін мәлімдеді.

«Бір жылда (2021 жылғы сәуір мен 2022 жылғы сәуірді салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағасы 27,7%-ға, жаңа үйлерді сату 20,3%-ға артты. Абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы сәуірде 22,2%-ға жоғарылады», – дейді статистика бюросы.

Бюро мәліметінше, тұрғын үй бесінші жыл қатарынан қымбаттап келеді. Баға 2016 жылы ғана төмендеген. Ол кезде жаңа пәтер нарықта 3,6%-ға арзандаса, 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метр бағасы 1,6%-ға азайған.

Бір ай ішінде (2022 жылғы наурызға қарағанда) үйлерді қайта сату бағасы 1,8%-ға өсіп, шаршы метрге 459 137 теңгені құрады. Жаңа баспананы сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде алдыңғы аймен салыстырғанда әрқайсысы 0,8%-ға артып, шаршы метрге тиісінше 412 315 теңге әрі 3 561 теңгені құрады, – деді ведомство.

Елімізде қолжетімді жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуы мүмкін. Мемлекет мұқтаж отбасыларға жалдамалы пәтер ақысының 50%-ын төлейді. Павлодар облысында әкімдік көпбалалы отбасына апаттық жағдайдағы үйді ұсынған. Шымкентте баспана алуға өтініш бергендер тізімінде екі аудан әкімі жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама