×

Қазақстандық қонақ үйлердің биылғы үш айдағы табысы белгілі болды

Бүгінде олардың саны 4 мыңға жетті
 

 Динара Амантай 05.08.2023 | 10:10
Фото: ашық дереккөз

2023 жылдың алғашқы 3 айында қазақстандық қонақ үйлер 43 млрд-тан аса табыс тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған табыс мөлшері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.
 
Сондай-ақ, қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтағаны белгілі болды.
 
Айта кету керек, жыл басында Қазақстанда қонақ үйлердің саны 4 мыңға жетті. Олардың жалпы сыйымдылығы – 203 мыңнан аса орын.

Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақ үй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан - 8,5 есе, Үндістаннан - 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан - 3,8 есе, Ираннан - 3,8 есе, Германиядан - 3 есе, АҚШ-тан - 2,2 есе артып отыр, – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама