×

Жанармай қымбаттаса да Ресей мен Өзбекстанға көлеңкелі экспорт тоқтамаған

Сақтаулы тұрған 420 мың тонна жеткілікті деп отыр

 Ербол Тұрымбет 18.07.2023 | 16:10
Фото: almaty.tv

Жыл сайынғы практика бойынша, егін саларда баға біраз төмендейді. Өйткені күз бен көктем аралығында бізде дизельдік отын тұтыну көлемі төмен болады. Ал жаз мен күз айларында көтеріледі. Себебі егін жинаушыларға шамамен 400 мың тоннадан астам отын жеткізу керек.

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма басшысы Ерлан Жаукиннің айтуынша, бұл ел бойынша өндірілетін бүкіл дизельдің шамамен 30%-ын алады.

Ал тапшылықтың басты себебі, транзиттік жүк тасымалдары болып отыр. Мәселен, оның айтуына қарағанда, шілде мен қыркүйекті қоса алғанда, осы аралықта халықаралық жүк тасымалы артады. Әсіресе, Өзбекстан мен Қырғызстаннан Ресейге қарай бет алған жүк көліктері көбейеді.

Өзбекстанда дизель бағасы 500 теңге шамасында болса, бізде 295 теңгеден сатылады. Сол үшін олар Сарыағашта толтырып құйып алады. Сосын Ресейге кірер тұста тағы да Қазақстан аумағында толтыра құяды. Сөйтіп ол Мәскеуге дейін барып, кері қайтуға толық жеткілікті болады, – дейді ол.

Осы көктем-күз мезгілдеріндегі тапшылықты енді болдырмас үшін «ҚазМұнайГаз» 150 мың тонна импорттаған. Енді баға көтерілгеннен кейін тұтыну көлемі азайған. Әсіресе, Ресеймен шектесетін өңірлерде көлеңкелі экспорт та кеміген. Оның үстіне, ірі жанармай құю желілері де сауданың 15-20% кемігенін растап отыр.

Сөйтіп, биылғы егін жинау науқанына шамамен 420 мың тонна көлемінде кіргелі отыр. Оның 360 мыңы мұнай базаларында болса, 60 мың тоннасы зауыттарда немесе жолда бара жатыр. Оған қоса, Павлодар мұнай-химия зауыты да өндіріс қуатына жетті. Сондықтан алдағы егін жинау кезеңіне дайынбыз деуге болады, – дейді Ерлан Жаукин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама