×

Елімізде 600-ге жуық көкөніс қоймасы статистикада жоқ – Сауда комитеті

Делдалдық схемаларды тергеуде өңірлік комиссиялардың жұмысы әлсіз

 Динара Амантай 14.07.2023 | 12:45
Фото: qaz.ulysmedia.kz

Елімізде 600-ге жуық көкөніс қоймасы статистикада жоқ. Бұл туралы кеше премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен министрліктің алқа отырысында Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өткен жылы мемлекет басшысы қолда бар азық-түлік қорлары туралы түсініктің болмауы және соның салдарынан ішкі нарықты қорғау жөнінде объективті шешімдер қабылдау жөніндегі жағдайдың ауырлығын атап өткен болатын.

Аумақтық сауда департаменттері әкімдікпен бірлесе, Ұлттық статистика бюросы есепке алмаған көкөністерді сақтауға арналған 593 нысанды анықтады. Қазір оларды есепке қою мәселесін пысықтап жатырмыз, – деді Айдар Әбілдабеков.

Биылдан бастап Сауда комитетінің төрағалығымен өңірлік комиссиялардың 995 отырысы өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 298 өнімсіз делдалдар және сауда үстемесінің асыру фактілері анықталды.

Өткізілген отырыстардың саны – анықталған бұзушылықтардан 3 есе көп. Бұл өңірлердегі делдалдық схемаларды тергеуге өңірлік комиссиялардың әлсіз әрі үстірт жұмысын көрсетеді, – деді Айдар Әбілдабеков кеңейтілген отырыста.

Комитет төрағасының айтуынша, СИМ әкімдіктерден берген Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті биыл 27 сәуірден бастап әкімдіктерден СИМ-ге берілген болатын, ал оны тікелей аумақтық департаменттер іске асыра бастады. Сол уақыттан бастап 233 әкімшілік іс қозғалды. Оның 172-сі – сауда үстемесін асырғаны үшін, 61-і – тауарларға әртүрлі бағаларды қолданғаны үшін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама