×

Жыл басынан бері Қазақстаннан Германияға 290 мың тонна мұнай жеткізілді

Мұнай «Адамова Застава» мұнай тапсыру бекеті арқылы тасымалданып жатыр

 Дәурен Ерболат 30.06.2023 | 13:23
Фото: РИА Новости

Жыл басынан бері Қазақстаннан Германияға 290 мың тонна мұнай жеткізілді, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі.

2023 жылы «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Германияға «Адамова Застава» мұнай тапсыру бекеті бағытында 290 мың тонна Қазақстан мұнайы тасымалданды.

Былтыр желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова Застава» мұнай тапсыру бекеті бағыты бойынша «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша тасымалдауға жылдық өтінім берген.

Мұнай транзиті 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Үкіметі және Ресей Үкіметі арасындағы сәйкес келісім шеңберінде іске асырылып жатыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова Застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша тасымалдау үшін техникалық мүмкіндікке ие екендігін растайды. Алайда тасымалданатын нақты мұнай көлемі мұнай компанияларының өтінімдеріне байланысты болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама