×

АШМ Ислам елдерінің қаржысын тарту мәселесін қарастырды

Ведомство ұйымның барлық бастамасын қолдауға дайын

 Дәурен Ерболат 23.06.2023 | 10:36
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Астанада ауыл шаруашылығын қолдау үшін Ислам елдерінің қаржысын тарту мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлады Ауыл шарушылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесуді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS) ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылар сукук (Ислам елдеріндегі құжат) бойынша еліміздегі ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту мәселесін қарастырды.

Жиында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев исламдық қаржылық қатынастарға қызығушылық артып келе жатқанын, бұл үрдіс тек мұсылман елдеріне ғана тән емес екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін осы перспективалы нарыққа шығу маңызды әрі елдің ауыл шаруашылығы саласына қаржы ағынын кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Министрдің пікірінше, Қазақстанда исламдық қаржы құралын зерделеу және тәжірибеде қолдану бойынша мүмкіндікті жандандыру керек. Оның ішінде сукук капитал тарту мәселесі де бар.

Ербол Қарашөкеев IOFS-тің барлық маңызды бастамасына қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

АШМ-ның мәліметінше, болашақта АӨК негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 4 есе өсіп, 3,2 трлн теңгеге артуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама