×

Пияз бағасы 500 теңгеге дейін қымбаттамайды – Сауда министрлігі

Министрлік көкөніс бағасы бақылауда болатынын айтты

 Дәурен Ерболат 19.06.2023 | 14:40
фото: Magnum Daily

Қазақстанда пияз бағасы 500 теңгеге дейін қымбаттамайды. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағатынан шыққан министрдің бірінші орынбасары көкөністердің бағасы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

«Биылдан бастап былай істегелі отырмыз: әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алуға 100 млрд теңге бөлінсе, оның 70%-ы тікелей өндірушілерге бағытталады. Өнімнің 30%-ы Қазақстанда өндірілмейді немесе жеткіліксіз мөлшерде өндіріледі. Осындай жағдайда ғана айналым схемасы қолданылады. Бірақ оған қатысушылар, ең батысы, қатаң міндеттеме алады.

Мысалы, ақшаны сізге 5%-бен беремін, сіз қаржыны тауардың құнына және қажетті көлемге айналдырасыз. Оның үстіне жыл бойы баға көтерілмеуі керек деген қатаң міндеттеме болады», - деді Арман Шаққалиев.

Сондай-ақ вице-министр биыл қыста пияз 500 теңгеге дейін қымбатамайтынын атап өтті.

Пияз бағасы қыста көтеріледі. Ондай болмау үшін индикативті баланс арқылы бізге қанша өнім керек екенін, қала тұрғындарына пияздың қанша қоры екенін біліп отырамыз. Биыл қыста пияз бағасы 500 теңге болмайды, - деп сендірді басшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама