×

Қарашөкеев мамырда көкөністің неге қымбаттағанын түсіндірді

Бағаны тұрақтындыру үшін қоймалар салынады

 Дәурен Ерболат 06.06.2023 | 12:35
Фото: qadam.asia

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл мамырда көкөністің неге қымбаттағанын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін мамырда қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп бағасыys4 өскені хабарланған болатын. Ербол Қарашөкеев олардың қымбаттауын жаңа өнімдердің жеткізілуімен түсіндірді.

Маусымда өткен жылдың қоры таусылып, жаңа өнімдер жеткізіледі. Жаңа піскен көкөніс қымбаттау болады. Көкөніс оңтүстіктен және көрші мемлекеттерден жеткізіледі, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Ол бағаны тұрақтандыру үшін көкөніс қоймасының санын арттыру мәселесі қайта қаралатынын атап өтті.

«Былтыр 2021-2022 жылдарға арналған жоспарды 110%-ға асыра орындадық. Биыл біз жоспарды ұлғайту жағын қарастырамыз. Көлемі 100 мың тоннадан асатын көкөніс қоймаларын саламыз. Субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізіп жатырмыз. Бұрын көкөніс қоймалары құрылысының 25%-ы субсидияланатын. Қазір көрсеткішті тоңазытқыштар болса, 40%-ға, ал газ болса, 50%-ға дейін жеткіземіз. Нәтижесінде көкөніс пен жемістерді ұзақ сақтауға болады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама