×

Елімізден 100 млрд доллар капитал заңсыз шығарылған

Бұл ақшаны Қазақстаннан алып шыққандар кімдер?

 Халық үні 14.04.2022 | 14:00
фото: ашық дереккөзден

Елімізден 100 млрд доллар капитал заңсыз шығарылған. Мұны ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Ол шетелдегі ақшаны қайтару бойынша бірнеше шара қарастырылғанын айтты.

Салықтық ынталандыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағыт бойынша істі екі жақтан бастадық. Бірінші бағыт — капиталды сыртқа заңсыз шығарудың жолын кесу. Мысалы, салықтық шараның бірі – инвестор төлемеген дивидендтің жеңілдіктерін алып тастай аламыз, — деді Қуантыров ОКҚ брифингінде.

Бірақ министр бұл ақшаны елден алып шыққандар кім екенін айтпады.

Қаржының офшорларға кетуіне жол бермейміз - Тоқаев. Президент шетелге заңсыз шығарылған ақшаны екі ай ішінде елге қайтаруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама