×

Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақшаны екі ай ішінде елге қайтаруды тапсырды

Бұл ретте шетелде сатып алынған активтерді елге қайтару мәселесі де қарастырылған

 Қымбат Елтайқызы 08.02.2022 | 14:00
коллаж: Halyq Uni

Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтаруды тапсырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкіметке заңсыз түрде шетел асып кеткен қаржы мен сол жақта сатып алынған активтерді елге қайтару бойынша ұсыныстарды екі ай мерзімде ұсынуды тапсырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін депутаттар соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорларға шамамен 140-160 миллиард доллар шығарылғанын айтқан болатын.

Сондай-ақ осыған дейін Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде «қаржының офшорларға кетуіне жол бермейміз» деген еді.

«Сіздер, болашақтарыңызды Қазақстанмен байланыстырсаңыздар, онда қаражаттарыңызды өз елімізге салыңыздар. Бұл – cіздердің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершіліктеріңіз. «Мұнда табыс табамыз, ал басқа жерде жұмсаймыз» деген қағидатқа жол берілмейді. Сондықтан жұмыс екі бағытта жүргізіледі: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне жол бермейтін тосқауылдар қою», – деген болатын Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Тауарды тиімді бағамен алатын мүмкіндікті қолдан шығарып алдық – Әлихан Смайылов

АШМ тарапынан үйлестіру жұмыстары әлсіз болып отыр
03.06.2023 | 16:30

«Баланың жасына қарай таңдау керек»: Елімізде оңалту құралдарының паркі ашылуы мүмкін

Оңалту құралдарын алған азаматтар олар істен шыққан жағдайда аталған паркке келіп жөндете алады
03.06.2023 | 15:37

Шымкентте 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды

Уақытында көрсетілген медициналық көмек баланың өмірін сақтап қалды
03.06.2023 | 15:05