×

«Қазаэронавигация» кәсіпкерге неге 7,5 млн теңге артық төлеп жүр

Оны тексеруші орган анықтап, мемлекетке қайтарды

 Ербол Тұрымбет 25.04.2023 | 16:15
Фото: almaty.tv

Заң бойынша, елімізде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мемлекет тарапынан бақыланатын мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгіленген.

Атап айтқанда, АИ-80 маркалы жанармай – литріне 89 теңге; АИ-92 және Аи-93 маркалы жанармай Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 187 теңге, қалған республикалық үш қала мен облыстың бәрінде литрі 182 теңге тұрады.

Энергетика министрлігінің шешімімен, биыл 12 сәуірден бастап бұл бағалар өзгерді. Сөйтіп, жанармай құны 205 теңгеге, дизель бағасы 295 теңгеге жетті. Дегенмен, біз мысалға келтіріп отырған мәселе осыған дейінгі, яғни, бұрынғы шекті баға кезінде болған жағдай. 

Сол бекітілген баға «Қазаэронацигацияда» болған мемлекеттік сатып алу шарасында сақталмаған болып шықты. 

«Әділдік жолы» РҚБ Астана қаласындағы филиалы өкілдері Электронды мемлекеттік сатып алу порталын бақылау барысында мынадай қызықты жайтқа тап болыпты. 

Былтырғы наурыздың басында «Қазаэронацигация» АҚ Болат Шымырәлиев есімді кәсіпкермен келісімшарт жасасады. «Ашық конкурс» тәсілімен жүрген мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде жалпы құны 92 179 192 теңгеге 470 302 литр Аи-92 бензинін жеткізу туралы шарт жасалады. Яғни, бағасы литріне 196 теңгеден келіп тұр.

Ал заң бойынша мемлекеттік сатып алуда қаражат оңтайлы әрі тиімді жұмсалу керек. Демек, бұл жердегі жеткізіп берушінің шекті бағаны асыра көрсетуі Әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз бола алады. 

Сол ұстаныммен бағаны негізсіз көтеру фактісі бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы филиалы 13 ақпанда кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Сөйтіп, ол артық төленген 7 365 596 теңгені қайтып беріп отыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама