×

АҚШ Қазақстанның Ресейге салынған санкцияны айналып өтуіне мүдделі

Олар РФ-ға санкцияны айналып өтуге көмектескен 20 мемлекеттік компанияға шектеу қойған

 Еркеғали Болатұлы 19.04.2023 | 14:37
фото: ашық дереккөз

АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг 23-26 сәуір аралығында Орталық Азия елдерін аралауды жоспарлап отыр. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Сапар аясында ол Қазақстан билігімен Ресейге салынған санкцияны айналып өту жолдарын да талқыламақ. Сондай-ақ өзара тығыз ынтымақтастық, ақпарат алмасу және сауда тенденцияларын талқылауды да көздеп отырған көрінеді.

Бұдан бөлек, АҚШ-тың Ресей Федерациясына санкцияны айналып өтуге көмектескен 20 мемлекеттік компаниясына шектеу қойғаны да жазылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама