×

Тоқаев халықтың табысын қалай көтеруге болатынын айтты

Президент кредитті бизнес жобаларға беруді ұсынды

 Дәурен Ерболат 19.04.2023 | 11:32
коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста халықтың табысын қалай көтеруге болатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатыр. Жұрттың табысын әлеуметтік саланың шығысы есебінен арттырудың да шегі бар. Біз осы шекке жеткен сияқтымыз. Бұған қоса, тұтыну несиелерінің көлемі артып барады. Бұл әрекет – инфляция кезінде жан бағудың амалы. Бірақ мұндай ахуалдың әлеуметтік және саяси салдары өте ауыр болуы мүмкін. Тіпті, банктердің өзіне қауіп төндіруі ықтимал», - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев кредитті бизнеске беруді ұсынды.

Несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Сонда жалақысы жоғары жұмыс орындары пайда болады. Жұрттың кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы артады. Бір сөзбен айтсақ, азаматтардың табысын көбейтуге мүмкіндік туады, - деді Тоқаев.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Үкіметтің қымбатшылықпен тиімді күресе алмай жатқанын, елдегі инфляция шарықтау шегіне жеткенін айтып, ашық сынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама