×

Ел билігі Қашаған кен орны операторынан 2,3 трлн теңге талап етті

Оператор объектілердің бірінде тым көп күкірт сақтайды

 Еркеғали Болатұлы 31.03.2023 | 17:27
фото: ашық дереккөз

Қазақстан Қашаған кен орнының операторынан 5,1 млрд доллар айыппұл төлеуді талап етті, деп хабарлады Bloomberg.

Билік оператор объектілердің бірінде тым көп күкірт сақтайтынын алға тартты.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қашаған алып мұнай кәсіпорнына қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл түрінде шамамен 2,3 трлн теңге (5,1 млрд доллар) сомаға талап арыз берілген.

Операторда күкіртті сақтау көлемі нормадан 2 есе артық екендігі нақтыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама